Түлек алғысы Сағындықұлы Нұрболат 103 фельдшері

✨Сәлем, оқырман!
Бүгін біз жаңа эксклюзив «Түлек алғысы» айдарын бастағалы отырмыз. «Түлек алғысы» жобасы арқылы түлектеріміз студенттік өміріндегі қызықтары мен қазіргі таңдағы жұмысы туралы ақпараттармен бөлісетін болады.

??‍?Нұрболат САҒЫНДЫҚҰЛЫ – «Емдеу ісі» мамандығының 2023 жылғы түлегі:

?Сәлем, студент! Мен Баишев жоғары медициналық колледжінінің 2023 жылғы түлегімін. Оқу орнына 2020 жылдың 01 қыркүйегінде қабылдандым. Оқумен қатар түрлі қоғамдық іс-шаралардың басы қасында болдым. 2 курсымда студенттік кеңес ұйымының мүшелігіне қосылып, жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенді мүшесінде қызмет еттім.

?Бұл оқу орнының басқа оқу орындарынан ерекшелігі – мұнда қызықты студенттік өмір ғана емес, шын мәнінде жоғары білікті ұстаздар да бар. Осы ұстаздарымның белсенді қоғамдық жұмысы мен берген білімінің арқасында мен колледжді үздік бітірдім.

?Оқу орнымыздың атауының жаңашаланғанына шын жүрегіммен қуаныштымын. Колледжіміздің жылдан-жылға дамып, көркейіп келе жатқаны қуантады. Маман ретінде Бопай ханым жоғары медициналық колледжін сапалы білім беретін, білікті мамандар даярлайтын оқу ордасы деп айта аламын.

?Қазіргі таңда, қыркүйек айынан бастап Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының №18 бригадасында «фельдшер» болып жұмыс жасаймын. Түрлі науқастарға алғашқы көмек көрсетіп, халықтың алғысын алудамын.

?Болашаққа жол ашқан Бопай ханым жоғары медициналық колледжіне мың алғыс!

@dr.nurb0lat @kdm_bopaykhanym04