«ОТБАСЫ-ҚОҒАМ-ТҰЛҒА» тақырыбында колледжішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

⚡️Ағымдағы жылдың 06 маусым күні колледжімізде жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста 2023-2024 оқу жылының оқу-тәрбие, өндірістік жұмыстары қорытындыланды.

?Колледж директоры М.С.Нурмаганбетова ата-аналарға оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтай отырып, жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалануын айтып өтті. Студенттердің жазғы демалыс уақытындағы қауіпсіздігіне тоқталды.

?Колледждегі оқу жұмысының жүргізілуі туралы есепті оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Е.Қаршығина берді. Тәрбие тұжырымдамасының орындалуын тәрбие орынбасары Д.А.Куанышбаев баяндады. Өндірістік жұмыстардың орындалуын Ж.Т.Жубанова айтты. Педагог-психолог А.С.Елубаева «Баланың ата-ана үшін рөлі» жөнінде баяндамасымен таныстырып, арнайы психологиялық тренингін өткізді.

?Сонымен қатар, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жетекшісі Д.С.Жиенгулова орталықтың жыл бойына атқарған жұмыстарына тоқталды. Шара соңында колледж директоры оқу орнының имиджін асқақтатуға атсалысқан белсенді студенттердің ата-аналарына алғыс хатын табыстады.

?Жиналысқа келген барлық ата-аналар өте жақсы белсене қатысты. Қорытындылау мақсатында ата-аналарымыз сөз алып, жиналысты аяқтады. Барлық қатысқан ата-аналарға колледж әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз.

?Білімді, әрі саналы ұрпақ тәрбиелеуден жалықпайық!