«Діни адасушылықтағы әлеуметтік желінің кері әсері» тақырыбында дін басқармасы мамандарымен кездесу өтті

?Ағымдағы жылдың 16 қаңтар күні облыстық дін істері басқармасының теолог маманы, республикалық «Мұнара» телеарнасының тілшісі А.Тажикова Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің 1-2 курс студенттеріне «Діни адасушылықтағы әлеуметтік желінің кері әсері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

?Кездесу барысында интернет пен әлеуметтік желілерде жат ағым идеологиясының таралу қаупі мен оның салдары турасында ескертіп, кез келген ресурстың мәліметін сүзгіден өткізіп, ресми мамандардан кеңес алуға шақырды.

❓Шара соңында студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.
@din_aqtobe