«Жастар-елдің тірегі, үкілі үміті» құмар ойындар мен нашақорлықтың зиянын түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

⚜️Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында «Жастар – елдің тірегі, үкілі үміті» атты құмар ойындар мен нашақорлықтың зиянын түсіндіру мақсатында студенттердің қатысуымен кездесу өтті.

?Аталған шараға Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары — Серік Қонақбаев, Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы – Жадан Бисенбин, Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі – Асхат Асқаров, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы — Ерәлі Құлмағанбетұлы, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, Ауған соғысының ардагері – Марат Қойлыбаев және Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

?️Шара барысында спикерлер қоғамның үлкен дерттері саналатын лудомания мен нашақорлықтан келетін қауіптің зиянын, олармен күресуде атқарылып жатырған шаралар туралы баяндап, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

@aqtobe_saiasat @jasaqtobe @aqtobe_bilim_basqarmasy
@polisia_aqtobe @aqtobe_polisia_basqarmasy

#құқыбұзушылықбопайханым #жастарбопайханым #лудомания